Құрметті әріптестер!
Әлемнің үшінші полюсіндегі өсімдіктердің биоалуантүрлілігін сақтау жөніндегі 3-ші халықаралық симпозиум (PDCR 2025) 2025 жылғы 26–29 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Алматы қаласында өтті. Симпозиум Тибеттің және Шығыс Азияның, Оңтүстік Азияның, Орталық Азияның, Орталық және Шығыс Еуропаның таулы жүйелерінің өсімдіктерінің биоалуантүрлілік және генетикалық ресурстарын зерттеу және сақтау, Орталық Азия елдерінде ынтымақтастықты ұйымдастыру сияқты өзекті мәселелерді қамтыды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы, Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ҒК), Ботаника және фитоинтродукция институты (ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң ОШЖДК), Қазақстан Республикасының ғылыми қоғамы, Алматы қаласы және Тянь-Шань тау бөктері сіздерді қарсы алды!
Жұмыс тілі
Ағылшын тілі.
Материалдарды жіберу
Тіркеу формасы мен тезистер Microsoft Word форматында (*.docx, *.doc) pdcr2025@yandex.kz мекенжайына жіберілді.
Өту орны
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Шевченко көшесі 28, Алматы қ., Қазақстан
Ұйымдастыру комитеті — корреспонденция
Туруспеков Е.К.
Симпозиумның ұйымдастыру комитеті (PDCR 2025)
Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Тимирязев көшесі 45
Phone/Fax: +7 727 394 75 62
Электрондық пошта: pdcr2025@yandex.kz
Веб-сайт: https://genes.kz/pdcr2025/